Футзалдан Қазақстан чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталды.
КФФ атқару комитетінің шешіміне сәйкес, осы спорт түрінен Қазақстан чемпионаты 2020 жылғы 12 наурыздағы жағдай бойынша мерзімінен бұрын аяқталды.
УЕФА Чемпиондар Лигасында өткен жарыстың қорытындысы бойынша футзалдан алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбе» өнер көрсетеді, себебі бұл екі клуб турнир кестесінде жоғары орында тұр.
Чемпионат келесі себептерге байланысты мерзімінен бұрын аяқталды:
санитариялық-эпидемиологиялық карантиндік іс-шараларды жалғастыруға және тиісінше жабық нысандарында спорттық жарыстарға тыйым салуға байланысты турнирді одан әрі өткізудің мүмкін еместігі;
жарыстың ойындарының 70 пайызы өтуіне байланысты футзалдан Қазақстан Республикасы Чемпионаты аяқталды.
футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасына қатысу үшін қазақстандық командалардың өтінімдерін жедел беру қажеттілігі.
Жақын арада футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасына жеребе тастау рәсімі өтеді. Осылайша, қазақстандық командалар өтінім құжаттарын тапсыруға міндетті. Жабық нысандарда жарысқа қатаң тыйым салынуына байланысты чемпионатты аяқтау мүмкін емес. Қазақстан футбол федерациясы ұлттық біріншілікке қатысушылардың қолдауын ескеріп, ағымдағы турнир кестесінің қорытындысы бойынша аяқтап, қазақстандық мықты футзал клубтарына халықаралық аренаға қайта шығуға мүмкіндік беру туралы шешім қабылдады, — деп мәлімдеді Қазақстан футбол федерациясы футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев.
УЕФА Чемпиондар Лигасының жеребесі 2020 жылдың 2 қыркүйегінде өтеді.
Алдын ала іріктеу ойындары 2020 жылдың 13-18 қазан аралығында өтеді.
Негізгі іріктеу ойындары 2020 жылдың 22-29 қарашасында өтеді.