Қазақстанда фашистер жағында соғысқан сарбаздарды ақтамақ: Ресейлік БАҚ бұл бастаманы құптап отырған жоқ

Биылғы жылдың басында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласы жарық көрді. Аталған мақалада айтылған ойлар, ешбір күмәнсіз, тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына арналған мемлекеттік идеологияның негізгі тезистері екенін аңғартады. Қазақ қоғамына бағытталған басты жолдаулардың бірі тарихына қайта көз жүгіртуге шақыру. Егер халық өз тарихын ұмытса, онда ешқандай да егеменді ел бола алмайды. ҚР тәуелсіздігін алғалы бері ұлттық тарихты түсіндіру жұмыстары оңайға соқпады. Сондықтан еліміздің бүгінгі билік басында отырғандар бұл мәселеге жіті көңіл бөліп келеді.

Айта кету керек, мақала жарық көргенге дейін ҚР билігі тарихи өткенге көңіл бөлуге ниетті екендіктерін білдірген. Осылайша, 2020 жылғы қарашаның соңында Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Желтоқсанның басында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен бірінші отырыс өтті. Бұл комиссияның басты міндеті кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттарына қатысты тарихи әділеттілікті толық қалпына келтіру.

Мемлекеттік комиссия құрылғаннан кейін Түркістан легионының құрамында фашистер жағында соғысқан сарбаздардың рөлін қайта қарау туралы бастама көтерілді. Естеріңізге сала кетейік, Түркістан легионы — 1941 жылы  вермахт құрамында соғысқан тұтқынға түскен түркі халықтарының өкілдерінен құрылған бөлімше.

Мәскеуде көршілес елдің КСРО тарихын өзгерту  әрекеттеріне сыни көзбен қарайды, ал РФ президенті Владимир Путин бірнеше рет соғыс тарихын өзгертуге жол бермейтінін  атап өтті.

«Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысы туралы естеліктер» халықаралық қоғамдық форумында  Қазақстан генералдары кеңесі төралқасының төрағасы Махмұт Телеғұсов Түркістан легионының қатарында болған қазақтарды ақтау мәселесін қайта көтерді. Ресейлік тарап ҚР-да нацистердің сыбайластарын ақтамақ деп мәлімдеді.

Батыс сарапшылары: «Белгілі бір оқиғаларға қатысты пікірталасып және көзқарастары бірдей болмауы мүмкін, бірақ Қазақстан билігінің мұндай бастамасы ҚР-нің ішкі ісі болып табылады. Біріншіден, аталған мәселені тарихшылар толық зерттеген жоқ; екіншіден, Қазақстан әрбір даулы жағдайды жеке қарастырып, зерделейтін болады; үшіншіден, ҚР, Ресей және кез келген басқа ел сияқты, өткенді қайта қарауға, зерттеуге және фактілермен расталған белгілі бір қорытынды жасауға құқылы. Ресей Федерациясы тарихи өткеннің меншік иесі емес «.

Добавить комментарий