
Кешкі сауда-саттықта еуро бағамы бірден 13 теңгеге өсті. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады.
KASE мәліметі бойынша, сағат 17:00-де доллардың орташа алынған бағамы 7,49 теңгеге көтеріліп, 432,90 теңгені құрады.
Сауда көлемі 69,88 млн долларды құрады.
Еуроның орташа алынған бағамы бірден 13,1 теңгеге, 460,01 теңгеге дейін өсті. Сауда көлемі 5 млн еуроға жетті.
Ресей рублінің орташа алынған бағамы да 7,12 теңгеге өсті (+0,1). Сауда көлемі 1,43 млрд рубль болды.
Қытай юанының орташа алынған бағамы 64,45 теңгеге (+ 1,90) көтерілді. Сауда көлемі 500 мың юаньға жетті.
Ақша айырбастау пункттерінде долларды 433-438 теңгеден, еуроны — 460-471,5 теңгеден, ресей рублін — 6,2-6,7 теңгеден сатып алады/сатады.