Қазақстанда есірткі таратқан шетелдік азамат ұсталды

Қазақстан аумағында есірткі таратумен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды.

Павлодарлық жедел уәкілдер Өзбекстан Республикасының 45 жастағы азаматын ұстады. Шетелдіктің тұрғылықты жері бойынша тінту барысында «гашиш» есірткі заты бар 190 түйіншек табылды.

Жалпы салмағы 1 килограмм 300 граммды құрады, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның сыблайласы, 34 жастағы Павлодар облысының тұрғыны анықталды. Ер адам тұрып жатқан ферманы тексеру барысында полицейлер үйдің ауласынан өсімдік тектес жасыл затпен толтырылған екі сөмкені тапты.

Фото: Қазақстанда есірткі таратқан шетел азаматы ұсталды

Добавить комментарий