Қазақстанда ертең ауа райы қандай болады: 2021 жылғы 10 қараша

Синоатриктер ертең қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты.

«Солтүстік-батыс циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі — жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Еліміздің шығысы, орталығы және оңтүстігінде ғана , ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, солтүстікте — жаяу бұрқасын күтіледі. Батыста және солтүстікте тұман түсіп, солтүстік-батыста көктайғақ болуы мүмкін», — деп хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Синоптиктер түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді, деп болжап отыр.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының солтүстік-батысында тұман, батыста жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында жел 17-22 м/с күшейіп, екпіні 25 м/с жетеді.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ болады, облыстың солтүстік-шығысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының оңтүстік-батысында күндіз жел 18 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарына тұман түседі.

Добавить комментарий