Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтық алу фактілеріне алаңдаушылық білдірді. Мемлекет басшысы осындай заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуді тапсырды.
«Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салған көптеген елдер тобына жатады. Тиісті норма Конституциямызда бар. Алайда соңғы уақытта тіпті мемлекеттік қызметкерлердің арасында қос азаматтық фактілерін жиі тіркей бастадық. Бұған түсінікті себеппен жол берілмеу керек. Бұл мәселе өте маңызды, себебі ұлттық қауіпсіздікке қатысты. Мұндай фактілердің жолын кесу қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің бесінші отырысында.
«Өткен жылы мен өз Жолдауымда мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік ұйымдардың басшылары қос азаматтық анықталған жағдайда жұмысынан босатуды тапсырдым. Үкіметке және Мемлекеттік істері жөніндегі агенттіктен атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндауды сұраймын. Мұндай бұзушылықтар үшін жауапкершілікті одан әрі күшейту қажет», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.