
Қазақстанда доллар бағамы тағы да 3,56 теңгеге қымбаттады.
2022 жылғы 21 маусымда доллардың орташа алынған бағамы 3,56 теңгеге көтеріліп, 447,31 теңге болды.
Қытай юанының орташа бағамы 66,91 теңгеге дейін (+ 0,61) шамалы көтерілді.
Кешегі сауда-саттық қорытындысы бойынша Ресей рублінің орташа алынған бағамы 7,90 теңге болды, еуроның орташа алынған бағамы 470,53 теңгені құрады.
Ақша айырбастау пункттерінде долларды 448-453 теңгеден, еуроны 472-478 теңгеден, ресей рублін 7,1-7,5 теңгеден сатып алады/сатады.