Өткен тәулікте Қазақстанда АҚШ доллары 4,7 теңгеге арзандады.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша 23 желтоқсанда доллар бағамы 461,97 теңге болды.
Бір тәулікте доллар 4,7 теңгеге, бір айда 0,85 теңгеге арзандады.
Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде долларды 464 теңгеден сатып алып, 468-468,5 теңгеден сатып жатыр.
ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 82,4 долларды құрайды.