Қазақстанда доллар бағамы қымбаттап барады

Қазақстан валюта биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ доллары бағамы өскені байқалады.

Сондай-ақ, теңгеге қатысты рубль бағамы аздап төмендегені хабарланды.

Бүгін, 2021 жылғы 15 қарашада Қазақстан қор биржасындағы доллар бағамы 429,99 теңгені құрады.

Жұмадан бері доллар 0,37 теңгеге, бір айда 4,6 теңгеге қымбаттады. Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде долларды 429,5 теңгеден сатып алып, 431 теңгеден сатады.

KASE-дегі рубль бағамы 5,92 теңгеге арзандады (минус 0,06 теңге).

15 қарашада ICE биржасында қаңтарда жеткізілетін Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 81,64 долларды құрайды.

Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеуде, оған Қытайда энергетикалық шикізат өндірудің өсімі туралы деректер ықпал етті, деп хабарлайды «АГНИ» порталы.

Қытайдың мемлекеттік статистикалық бюросының мәліметінше, елімізде мұнай өндіру қаңтар-қазан айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға, ал 2019 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға өсіп, 166,19 млн тоннаны құрады. Сонымен қатар, жыл басынан бері табиғи газ өндіру — 9,4%-ға, көмір өндіру — 4%-ға өсті.

Бұған дейін ОПЕК өз баяндамасында мұнайға деген жаһандық сұраныс қысқа уақытқа төмендейтінін болжаған болатын, содан кейін өткен аптада мұнай бағамы минусқа кеткен.

Добавить комментарий