Қазақстанда доллар бағамы теңгеге қатысты күрт төмендеді

Қазақстанда доллар бағамы арзандады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша белгілі болды. 24 мамырда доллар бағамы 416,91 теңге болды.

Бір тәулікте доллар 7,56 теңгеге, бір айда 31,53 теңгеге арзандады.

Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде долларды 417-418 теңгеден сатып алып, 422-424 теңгеден сатады.

ICE биржасында шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстерінің бағасы барреліне 113,01 долларды құрайды.

Добавить комментарий