Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарлауынша, 2022 жылғы 24 тамызда сағат 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 461,98 теңге болды. Валюта бағамы 8,19 теңгеге төмендеді.
Қытай юанының орташа сараланған бағамы 67,34 теңгеге (-1,54) дейін төмендеді.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,72 теңге (-0,12) болды.
Еуро бойынша сауда-саттық жүргізілмеді. Ұлттық банк белгілеген бағам 467,06 теңге .
Ақша айырбастау пункттерінде долларды 465-474 теңгеден, еуроны — 460-470 теңгеден, Ресей рублін — 7,3-7,7 теңгеден сатып алып/сатуда.