Қазақстанда доллар бағамы өсуде

Қазақстанда доллар бағамының өсуі жалғасуда. Бұл туралы KASE қор биржасы хабарлады.

Таңғы сессияның қорытындысы бойынша сауда-саттықта доллардың орташа алынған бағамы 0,91 теңгеге өсіп, 427,70 теңгені құрады. Айта кетейік, 18 маусымда доллардың ресми бағамы 426,77 теңге болған.

Алматыдағы айырбастау пунткерінде долларды орта есеппен 428,76 теңгеден сатады, 427,22 теңгеге сатып алып жатыр. Нұр-Сұлтан айырбастау пунткерінде сатудың орташа бағамы 428,35 теңге, сатып алу бағамы 427,22 теңге.

Добавить комментарий