Қазақстанда доллар бағамы өсуде

Қазақстанда доллар бағамы өсуде. Бұл туралы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сауда-саттық қорытындылары бойынша белгілі болды.

Таңғы сессияның қорытындысы бойынша сауда-саттықта доллардың орташа алынған бағамы 1,55 теңгеге өсіп, 429,16 теңгені құрады. Айта кетейік, доллардың ресми бағамы 20 мамырда 427,54 теңгені құраған болатын.

Алматының айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 429,81 теңгеден сатып, 422,25 теңгеден сатып алып жатыр. Нұр-Сұлтан айырбастау пунктерінде долларды сатудың орташа бағамы 429,06 теңгеге, сатып алу бағамы 427,99 теңгеге тең.

Добавить комментарий