Қазақстан қор биржасында доллар бағамының өсуі байқалды. 2021 жылғы 11 мамырда сағат 11:00-дегі жағдай қор биржасында (KASE) доллардың орташа алынған бағамы 427,27 теңгені (+ 0,30) құрады.
Айырбастау пункттерінде долларды 427,6 теңгеден сатып алып, 429,1 теңгеден сатып жатыр, еуро — 518-521 теңге, Ресей рубльі — 5,72-5,80 теңге.
Сонымен қатар, 11 мамырдағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.
Шілде айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,91%-ға төмендеп, барреліне $64,32 болды.
Шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,94%-ға арзандап, барреліне $67,68 болды.