Қазақстанда доллар бағамы өсуде

Қазақстандық қор биржасы (KASE) 2021 жылғы 16 сәуірде таңғы сағат 11:00-дегі жағдай бойынша сауда-саттықта доллар бағамының өскенін хабарлады.

Доллардың орташа алынған бағамы 430,68 теңгені (+0,25) құрады.

Айырбастау пункттерінде долларды 428 теңгеден сатып алып, 432 теңгеден сатады, еуро — 512-517 теңге, Ресей рублі — 5,65-5,72 теңге.

16 сәуір күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді.

WTI мұнайының мамыр айындағы фьючерстері 0,16%-ға өсіп, барреліне $63,61 болды.

Мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,15%-ға — барреліне $67,04-ға дейін өсті.

Добавить комментарий