Қазақстанда доллар бағамы құлдырауда

Қазақстанда бірнеше күн қатарынан доллар бағасының арзандағаны байқалады.

Бүгін Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 424,15 теңгені (-0,49) құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Доллар бағамы өткен аптаның соңынан бері төмендеп, 5 теңгеге дейін арзандады.

Айырбастаушыларда долларды 425,5 теңгеден сатып алады, 424,1 теңгеден сатады, еуро — 500,5-502,5 теңге, Ресей рублі — 5,76-5,82 теңге.

Сонымен қатар, 27 шілде күнгі сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы өсуде.

WTI мұнайының қыркүйек айындағы фьючерстері 0,25%-ға көтеріліп, барреліне $72,09 болды.

Қыркүйекте жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,31%-ға — барреліне $73,93 дейін өсті.

Добавить комментарий