Қазақстанда доллар бағамы 4 теңгеге өсті

Қазақстанда АҚШ доллары бағамы өсті. Хабарланғандай, 2022 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша доллар 4 теңгеге көтерілді.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,10 теңгеге өсіп, 471,13 теңгеге тең болды. Айта кетейік, Ұлттық банк 1 сәуірге белгілеген доллардың ресми бағамы — 466,31 теңге.

Қазіргі уақыта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы — 471,85 теңге, сатылым — 475,79 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 470,68 теңгеден сатып алады, 474,79 теңгеден сатады.

Добавить комментарий