Қазақстанда доллар арзандап барады

Қазақстан қор биржасында доллар бағамының арзандауы тіркелді. Бүгінгі таңғы 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа алынған бағамы 427,90 теңгені құрап, кешегі бағаға қарағанда 1,54 теңгеге арзандады.

Айырбастаушыларда долларды 427,9-429,6 теңгеден, еуроны — 508,3-511 теңгеден,ресейлік рубльді — 5,58-5,63 теңгеден алады/сатады.

Бұл арада мұнай бағасы әлемдік жетекші биржаларда көтерілді.

Осылайша, қаңтарда Inter Continental Exchange (ICE) — ICE Brent Crude Futures-қа жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа өлшемді құны Лондонда барреліне $43,82 (+1,04) құрады.

New York Mercantile Exchange-та (NYMEX) желтоқсанның мұнай фьючерстерінің орташа алынған құны Light, Sweet Crude Oil келісім-шартына барреліне $41,34 (+1,21) құрады.

Добавить комментарий