Қазақстанда АҚШ доллары бағамы арзандады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарлауынша, сағат 11:00-де доллардың орташа алынған бағамы 433,90 теңгені (-0,68) құрады.
Ақша айырбастау пункттерінде долларды — 437-438 теңгеден, еуроны — 498-502 теңгеден, ресейлік рублді — 5,77-5,87 теңгеден сатып алады/сатады.
18 қаңтарда мұнайдың әлемдік бағасы қымбаттауда.
Ақпан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері 1,27%-ға көтеріліп, барреліне 84,36 долларды құрады.
Наурызда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,98%-ға — барреліне 87,33 долларға дейін өсті.