Қазақстанда доллар қайта қымбаттай бастады

Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бағамы көтерілді.

Сағат 11:00 жағдай бойынша доллардың орташа алынған бағамы 429,36 теңгені құрап, 0,83 теңгеге көтерілді.

Ал еуро бағасы керісінше төмендеді.

Айырбастау пункттерінде долларды 429,5 сатып алады, 430,9 теңгеден сатады, еуро — 493,1-495,1 теңге, Ресей рублі — 6,03-6,08 теңге.

Сонымен қатар, 11 қарашадағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді.

Желтоқсан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері 0,29%-ға өсіп, барреліне $81,63 болды.

Қаңтарда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,30%-ға — барреліне $82,94 дейін көтерілді.

Добавить комментарий