Қазақстанда дизель отыны өндірісі ұлғайды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/09/speech-38443-1663163154-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстанда биыл дизель отыны өндірісі ұлғайды. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша дизель отынын өндіру 3,53 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 259 мың тоннаға артық.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов ЖЖМ нарығындағы жағдай туралы ақпаратты ұсынды.

Министр ішкі нарықты мұнай өнімдерінің қажетті көлемімен қамтамасыз ету мақсатында мұнай өңдеу көлемі және жанар-жағармай өндірісі ұлғайтылған болатын – мұнай өнімдерін өндірудің 2022 жылға арналған болжамы 13,72 млн тоннаны құрайды, бұл 2021 жылға қарағанда 1,04 млн тоннадан астам жоғары екенін хабарлады.

«Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша дизель отынын өндіру 3,53 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 259 мың тоннаға артық немесе 7,7% болып отыр», — деді министр Үкімет отырысында.

Министр түсіндіргендей, қабылданған шаралар мұнай базаларындағы дизель отыны қорын 151 мың тоннадан немесе жолдағыны ескере отырып, 220 мыңнан мұнай базаларында 163,8 мыңға дейін немесе жолдағыны ескере отырып, 235 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Энергетика министрі ЖЖМ нарығындағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шараларды атап өтті.

  • облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері Энергетика министрлігіне, оның ішінде: жергілікті АЖҚС, коммуналдық кәсіпорындар мен автобус парктері дизель отынының талап етілетін көлеміне өтінімдер бойынша ақпарат беруді жеделдету ұсынылады;

· Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Энергетика министрлігі тәуліктік босату лимиттерін бақылаудың цифрлық жүйесін енгізуді жеделдетуі тиіс;

· ҚМГ Қазақстанға 100 мың тонна импорттық дизель отынын жеткізуді жеделдетуі керек, сондай-ақ АМӨЗ жөндеуге тоқтаған кезде қосымша көлем импортын қарастырылуы тиіс;

· ҚТЖ вагон-цистерналардың уақытылы берілуін және тиелген көлемдердің басымдықпен жеткізілуін үйлестіру мен бақылауды жалғастыру қажет;

· Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ҚР МӨЗ-дерінде және мұнай базаларында дизель отынына көтерме сауда бағаларын уақытша мемлекеттік реттеуді енгізуі тиіс;

· Энергетика министрлігі, жергілікті атқарушы органдар және ҚМГ автобензиндер өндіруді, қорлардың орнын толтыруды және өткізуді бақылауды қамтамасыз етуі керек;

Министрдің айтуынша, жергілікті атқарушы органдар құқық қорғау органдарымен бірлесіп, мұнай өнімдерінің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылуын шектеуді және айналымыын бақылауды күшейтуі тиіс.

Добавить комментарий