Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев денсаулыққа қауіпті Қазақстанның 10 қаласын атады: оларда ауаның ластануының ең жоғары деңгейі тіркелген.
«Барлығымызды негізгі экологиялық проблемалар алаңдатады, бұл атмосфералық ауа мен жер үсті суларының ластануы, қалдықтармен жұмыс істеудің жетілмеген жүйесі, тарихи ластану, көгалдандырудың жетіспеушілігі», — деді министр үкімет отырысында.
Мырзағалиев атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес 2020 жылы 10 қалада атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейі тіркелгенін айтты.
«Бұл: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент. Сонымен қатар, ластаушы заттардың Павлодар облысында да көп екені анықталған», — деді Б.Мырзағалиев.