28 сәуірде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықта доллар бағамы 453,39 теңгеге төмендеді, бұл алдыңғы сауда-саттық сессиясымен салыстырғанда 2,83 теңгеге аз. Қытай юанының орташа сараланған бағамы да төмендеп, 0,40 теңгеге арзандап, 65,41 теңге болды.
Ұлттық банк еуро бағамын 503,47 теңге деңгейінде, ал Ресей рублінің бағамын 5,6 теңге деңгейінде белгіледі. Ақша айырбастау пункттерінде доллар 451,5-454 теңгеден, еуро — 498-503,5 теңгеден, ал Ресей рублі — 5,4-5,7 теңгеден саудалануда.
Сонымен қатар, шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстерінің бағасы баррелі үшін 0,77% -ға, 78,82 долларға дейін, ал WTI маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстері барреліне 0,66%-ғ,а 75,25 долларға дейін өсті.