Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың бағасы шарықтап тұр

Қазақстанда бидай және басқа да дәнді дақылдардың бағасы шарықтап тұр.

Қазақстанның сауда алаңдарында 3 сыныпты жұмсақ бидайдың бағасы ұзақ уақыттан бері бір деңгейде сақталып тұр. Бұл сапасына байланысты (ҚҚС-пен) 117-122 мың теңге. Фермерлерден ҚҚС төлеусіз астықтың партиясын 108-110 мың теңгеден сатып алса болады.

Осыны ескере отырып, нарықта 1 сыныпты ұн тоннасы шамамен 160 мың теңге және жоғары сыныпты ұн 180 мың теңге.

Арпа 97 мың теңге 100 мың теңге аралығында, қатты бидайдің тоннасы 207 — 210 мың теңгеден сатылады.

Майлы дақылдарға келетін болсақ, бір тонна зығырдың бағасы 350 мың теңгеге қымбаттады, бұл өткен маусымдағы ең жоғарғы бағадан жоғары, ол 330 мың теңге/тонна болды.

Бұл ретте күнбағыс майының бағасы былтырғыдан қарағанда арзандаған, қазір Қазақстанның қайта өңдеу зауыттарын күнбағыс майын 230-240 мың теңге/тонна сатады. Себебі — өткен маусымға қарағанда Ресей мен Украинадағы астық көлемі жоғары. Желтоқсанда күнбағыс шығаруға квота енгізілгенде оның бағасы арзандауы мүмкін.

Бұршақ дәнді-дақылдарының бағасы шарықтап тұр- қызыл жасымықтың тоннасы — 380 мың теңге, нуттың тоннасы — 268 мың теңге.

Жем-шөпке келетін болсақ, бір тонна сұлы 85 мың теңге, бір тонна кебектің бағасы да осындай.

Добавить комментарий