Қазақстанда дүкендерде шіркеу бейнеленген кілемшелер сатылып жатыр

Қазақстанның танымал дүкендерінің бірінің сайтында православ шіркеуі бейнеленген кілемше сатылады.

Вознесен кафедралық соборының діни қызметкері, протоиерей Александр Суворов «Леруа Мерлен» дүкенінің сайтында шіркеу бейнеленген есік кілемшелерін көріп, ашуланған болатын.

Вознесен кафедралық соборы Қазақстанның жүз киелі орнына кіреді. Шіркеуге көптеген адамның еңбегі сінген. Көзқарастарымыз бөлек болуы мүмкін, бірақ шіркеуді құрметтеу керек. «Леруа Мерлен», христиандардың шіркеуі мен соборымыз бейнеленген аяғын сүртуге арналған кілемшелерді сатып алу қалай ойларыңызға келді? Қай менеджер сатып алды? — деп жазды Суворов Facebook-тегі парақшасында.

 

Желі қолданушылары дін қызметкерінің үндеуін қолдап, дүкенге наразылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, кілемшелер сатылымнан шығарылған. Алайда Александр Суворов компания өкілдері онымен әлі байланыспағанын айтты.

«Әзірге кілемшелерді сатылымнан алып тастағаны туралы ақпарат жоқ. Мен дүкеннің менеджерімен хабарластым. Біреуді әдейі соттағымыз келмейді. Егер бұл жанжал бейбіт шешіліп, тауар сатылымнан шығарылып, бас менеджер кешірім сұрайтын болса, онда ешқандай талап-арыз түсірмейміз», — деді Суворов.

«Леруа Мерлен» бұл жағдайға қатысты түсініктеме бермеді.

Добавить комментарий