Қазақстанда COVID-19-дан болатын өлім-жітім азайды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан болатын өлім-жітім жағдайының азайғаны байқалады.

Өткен тәулікте 5 адам қайтыс болды.

12 ақпандаға жағдай бойынша, КВИ-ден 24 847 адам (15 440 КВИ+ және 9 407 КВИ-) емделуде, оның ішінде стационарда — 5 372 науқас, амбулаториялық деңгейде — 19 475 науқас жатыр. 4 өлім-жітім жағдайы тіркелді, — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 82 ауру жағдайы, 1 өлім-жітім жағдайы тіркелді. 286 адам емделіп шықты.

Өткен тәулікте, 11 ақпанда коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 951 жаңа жағдайы тіркелді. Елімізде барлығы 200 044 жағдай расталды.

Добавить комментарий