Қазақстанда COVID-19 байланысты енгізілген шектеу шаралары жеңілдейді

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күреске бағытталған карантиндік шектеу шараларын жеңілдетпек.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Ведомствоаралық комиссия бизнес пен тұрғындарға қатысты шектеу шараларын жеңілдетуді мақұлдады:

егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған ҚР азаматтары үшін елге кірер кездегі міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылады;

ПТР тестінсіз вакцинация паспорттарын өзара мойындайтын шетел азаматтарына елге кіруге рұқсат етіледі;

ауру белгілері болмаған жағдайда науқаспен байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау тоқтатылады («Ashyq» жобасынан «сары» мәртебесін алып тастау).

Ералы Тоғжанов әкімдіктерге вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды.

Добавить комментарий