Қазақстанда конференциялар мен брифингтерді офлайн-форматта өткізуге рұқсат етілді.
Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысында Ashyq жобасына қатысушылар мен оффлайн-конференциялар бойынша бірқатар шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайтында хабарлады.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-мен сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі төмендегенін хабарлады. ВАК эпиджағдайдың жақсаруына байланысты барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, брифингтер мен баспасөз конференцияларын күндізгі режимде өткізу туралы шешім қабылдады.
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен өңірлік коммуникациялар орталықтары базасында «Аshyq» қосымшасында «жасыл» мәртебесі бар БАҚ өкілдері офлайн форматта баспасөз конференцияларына қатыса алады. Сонымен қатар 12 мың жосықсыз қатысушыларын 2 аптаға жүйеден шығарып тастау туралы шешім қабылданды.
Оффлайн-брифингтерге вакцина салдырған журналистер жіберіледі.