Қазақстанда бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар топтамасы мақұлданды

Үкімет отырысы барысында іскерлік белсенділікті қолдау және ынталандыру үшін қосымша қызметтер топтамасы жасақталды, сондай-ақ ағымдағы жылдың 12 сәуіріне дейін бизнесті салықтық ынталандыру бойынша енгізілетін түзетулер ескерілді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 сәуір күні кеңесте берген тапсырмаларын орындау шаралары қаралды.

Іскерлік белсенділікті ынталандыру жөніндегі қосымша шаралар топтамасы:

  • 2021 жылғы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында еңбекақы төлеу қорынан барлық салықтар мен төлемдерді төлеуін кейінге қалдыруды енгізу (118 ЭҚЖЖ)
  • Зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілерінің банк займдары мен шағын несиені төлеуін кейінге қалдыру (346 ЭҚЖЖ);
  • салықтық және кедендік берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын тоқтата тұру.

Бұдан басқа, тауарлардың ілеспе құжаттары мен электрондық шот-фактураларын рәсімдеу бойынша пилоттық жобаны іске асыруды 2021 жылғы 1 шілдеден 1 қазанға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларындағы ШОБ несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау кезеңі (93 ЭҚЖЖ) 2021 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылады.

Премьер-Министр 12 сәуірге дейін Үкіметке бизнесті салықтық ынталандыру бойынша заңнамалық түзетулердің тиісті пакетін енгізуді тапсырды.

«Барлық заңнамалық бастамалар Парламенттің ағымдағы сессиясы жұмысының соңына дейін іске асырылуы тиіс», — деді А. Мамин.

2020 жылдан бастап ұлттық экономикадағы қалпына келтіру серпінін қамтамасыз ету үшін дағдарысқа қарсы шаралардың бірнеше топтамасы қабылданды, олар:

  • кәсіпкерлік секторды қолдау,
  • жұмыспен қамтуға жәрдемдесу,
  • АӨК әлеуетін ашу,
  • тұрғын үй-коммуналдық,
  • көлік, әлеуметтік және сауда инфрақұрылымын дамытуды,
  • жеделдетілген цифрландыруды қамтамасыз ету.

Наурыз айында кәсіпкерлерге жүргізілген сауалнама нәтижелері негізінде төрт бағыт бойынша 24 шарадан тұратын жаңа топтама бекітілді, Олар: бизнеске жүктемені азайту, қаржыландыруға, сұраныс нарықтарына және сапалы адам ресурстарына қолжетімділікті кеңейту.

Добавить комментарий