Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесті, онда Қазақстанда білім беру саласын дамыту жөніндегі шаралар талқыланды. Министр Президентті бірнеше маңызды бастамалар жөнінде мәлімет берді:
Биыл қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі педагогтардың жалақысы 30%-ға артады.
Жыл соңына дейін балабақшаларда 81 мың орын ашу жоспарланып отыр
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 98 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Педагогтарды аттестаттау рәсімі жетілдіріліп жатыр, енді олардың кәсіби біліктілігі пәнді қаншалықты жақсы білетініне қарай, ал жұмысының нәтижесі білім алушылардың оқу жетістіктері негізінде бағаланады.
Биыл 1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары толықтай тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Білім беру ұйымдарын дабыл түймелерімен, лицензиясы бар күзетпен, турникеттермен және жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жоспарланып отыр. 2023 жылға техникалық және кәсіптік білім алушы студенттердің 80 пайызы тегін оқиды, қыркүйек айынан бастап олардың шәкіртақысы 50 пайызға, ал 2024 жылы 100 пайызға артады, кәсіпорындар колледж түлектерін міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартымен мамандарды мақсатты даярлау ісіне алғаш рет атсалысып отыр.