Қазақстанда мобильді қосымшаны қолдану арқылы адамдарды бақылауды бастайды. Бағдарламалық қамтамасыз ету коронавирустық инфекцияның симптомсыз түрімен ауыратын адамдарға қатысты жұмыс істейтін болады деп хабарлайды.
Коронавируспен сырқаттану деңгейі елімізде 2,5 есеге артты. Ауруды жұқтырғандар санының өсуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды үй карантинінде онлайн-бақылау жүргізуге назар аударды.
Келесі аптада елімізде вирустың симптомсыз тасымалдаушыларының қайда жүргенін қадағалауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша пайда болады.
Естеріңізге сала кетейік, оларға үйде кем дегенде 14 күн қалу міндеттелген. Бұған дейін дәрігерлер адамдарды телефон арқылы қоңырау шала отырып бақылаған.
Айта кетейік, елімізде «Сақ бол» онлайн-қосымшасы жұмыс істейді. Оның көмегімен коронавируспен ауырған адам жұқтыру қаупі туралы барлық байланысшыларға жасырын түрде хабарлай алады.
Енді жаңа опциялармен тағы біреуі пайда болады.
«Бірінші модуль — QR-код, ол қоғамдық орындарға QR-код арқылы кіруге мүмкіндік береді. Екінші модуль — ҚР аумағына келген жолаушылармен сауалнама жүргізу. Бүгінгі таңда барлық сауалнамалық мәліметтерді, өкінішке қарай, біздің мамандар қолмен енгізуде. Үшінші модуль «Мен үй карантиніндемін» деп аталады. Ол GPS бойынша пайдаланушының орналасқан жерін қадағалауға мүмкіндік береді», — деді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.