Қазақстанда бұзушылық фактілерінің көбеюіне байланысты тестілеуді тапсыру кезінде мұғалімдерді тексеруді енгізу қажеттігін ұсынылды

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов біліктілік тестілеуді тапсыру кезінде мұғалімдерді тексеруді енгізу қажеттігін ұсынды. Жыл басынан бері 349 педагог шпаргалкамен, смартфондармен және басқа да тыйым салынған заттармен ұсталды. Бұл туралы орталық басшысы өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

«Біз қадірлі педагогтерімізге асқан құрметпен қарап, олардың жұмысын бағалаймыз. Сондықтан да ҚР БҒМ тапсырмасы негізінде Ұлттық біліктілік тестілеуінің қатысушыларында тыйым салынған заттардың — смартфондардың, шпаргалкалардың және басқа да құрылғылардың бар-жоғы тексерілмейтін. Өкінішке орай, кейбір әріптестеріміз біздің көрсеткен құрметімізді әлсіздікке теңеп, тыйым салынған заттарды жаппай қолдана бастады», — деп жазды Дидар Смағұлов.

Ол өткен жылы ережені бұзған 1202 мұғалім анықталғанын хабарлады. Ал жыл басынан бері 349 тәртіп бұзушы анықталды.

«Сонымен қатар, микроқұлаққаптар мен микрофондарды қолданудың жаппай фактілері анықталды, негізінен олардың таралымы шектеулі және пайдалануы үшін қылмыстық бап қарастырылған! Осы фактілерді ескеріп, бүгін ҚР БҒМ-ның аппараттық жиналысында Ұлттық біліктілік тестілеуді тапсыру кезінде мұғалімдерді тексеруді енгізу қажеттігін айттым!», — деп атап өтті тестілеу орталығының басшысы.

Өткен жылы 18 мұғалім біліктілік тестілеуге өзінің орнына басқа адамды жіберген.

Добавить комментарий