Қазақстанда азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі артқаны байқалады. Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, тамақ өнімдерін өндіру көлемі осы жылдың 10 айында 3,6%-ға өсіп, 1,8 трлн теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, экспорттаушылар бір айға жуық уақыт күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майының шетелге жөнелте алмай отыр, себебі Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл өнімді қараша айында шығаруға квота белгілеген жоқ. Нәтижесінде сауда келісімшарттары бұзылып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2021 жылдың тамыз айында күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын экспорттауға квота бөлді, ал қазан айында бұйрыққа өзгерістер енгізілді. Бұл ретте жаңа бұйрықтың қабылдануына байланысты қараша айына квота бөлінбеді, бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерін жеткізуді кідіртуге мәжбүр етеді.