Қазақстанда азық-түлік бағасы өсуде

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы азық-түлік бағасының өсуіне не себеп болғанын және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (осы санаттағы тауарлар ай басынан бері 4,8%-ға өсті) құнының өсуіне жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді .

Аталған өсім өткен жылдың қаңтар-сәуірінде тіркелген 5,5% көрсеткіштен төмен. Дегенмен, ағымдағы жылдың сәуір айында баға 1,7%-ға қымбаттады. Ең жоғары баға өсімі Атырау облысында 6,8%, Нұр-Сұлтанда 6,3% және Шымкентте 5,6% жол берілген. Бағаның ең төмен өсімі Алматы облысында 4%, Қарағанды облысында 4,3% және Қызылорда облысында 4,4% болып тіркелді, — деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, ол баға өсімінің факторларын айтатын болсақ, бәрінен бұрын импортқа тәуелді өнімдер – қант, қарақұмық жармасы, жоғары экспорттық сұранысқа ие тауарлар – күнбағыс майы, сондай-ақ маусымаралық кезеңде дәстүрлі түрде бағаның өсуі байқалатын көкөністер қымбаттағанын айтты.

Сақтау шығындарының ұлғаюы (көкөністерді сақтауға жұмсалатын шығыстар айына 3-6 тг/кг құрайды) және қорлардың қысқаруы көкөністер импортының ұлғаюына әкелді. Бұл ретте бағаның өсуі әлемдегі барлық елде тіркелді. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметтеріне сәйкес, төрт айдағы бағаның орташа өсімі 11,4% -ды құрады. Көршілес Ресей Федерациясымен салыстырғанда біздің елімізде азық-түлік тауарлары бағасының өсімі 2-3 есе төмен, — деп түсіндірді Сауда министрлігінің басшысы.

Тауық еті, қант, шұжық өнімдері, балық, алма сияқты импортқа тәуелді 6 негізгі азық-түлік өнімдері бойынша еліміздің өндірістік қуатын арттыру және 2024 жылға қарай отандық тауарлар есебінен ішкі нарықты қамтамасыз етуді 100%-ға дейін жеткізу жоспарлануда, — деп нақтылады Сұлтанов.

Ұзақ мерзімді кезеңге бағаларды тұрақтандыру тетігін құру және отандық өндірушіден сөреге дейін оңтайлы тауар қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында көтерме-тарату орталықтарының желісі түрінде ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл инфрақұрылым өнімді жеткізудің негізгі бағыттары үшін тиімді көлік-логистикалық арналарды құруға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий