Қазақстанда азық-түлік қана емес, киім-кешек те қымбаттады

Қазақстанда баға шарықтап барады, оның ішінде отандық киім-кешек қымбаттады.

Қарашаның басында Қазақстанда киім-кешек орташа есеппен бір жыл ішінде 14,6%-ға қымбаттады.

Киім-кешек бағасы ең қатты Астана (25%), Қызылорда (19,8%) және Ақмола (19%) облыстарында қымбаттады, ең аз Ақтөбе облысында (9,7%) өсті. Ер адамдардың киімі бір жылда 14%-ға, әйелдер киімі — 14,1%-ға, балалар киімі — 17,2%-ға өсті.

2022 жылдың тоғыз айында Қазақстанда киім өндірісі 43,1 млрд теңгеге жетті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7%-ға артық. Киім өндірісі бойынша Шымкент (шығарылған тауардың құны 7,4 млрд теңге, бір жылда өсім 44%), Алматы (6,9 млрд теңге, өсім 15,2%) және Алматы облысы (4,2 млрд теңге, 48,6%-ға төмендеді) көш бастап тұр.

2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанға тоқыма және кездемеден тігілген киімдер импорты 71 мың тонна болып, 888,9 млн долларды құрады. ТМД елдерінен 16,9 мың тонна киім (2,9%-ға аз) әкелінді. Негізгі жеткізуші Өзбекстан болды (10,2 мың тонна, 5,4%-ға төмендеді).

Алыс шетелдерден Қазақстанға 54,1 мың тонна киім импортталды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға артық. Сектордағы импорт көлемі бойынша Қытай (39,3 мың тонна) және Түркия (12 мың тонна) көш бастап тұр.

Добавить комментарий