Қазақстанда азаматтарды жалпыға бірдей декларациялау енгізіледі

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау жүйесі енгізілуде. Оны енгізу жобасы 2025 жылы аяқталады.

Ол 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталып, төрт кезеңде өтеді деп хабарланды.

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының БҚО бойынша МКД басшысы Оксана Нығметуллинаның айтуынша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгілі бір санаттағы азаматтар үшін активтер мен міндеттемелерді жалпыға бірдей декларациялау басталды, оның ішінде:

  • жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары;

  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар және олардың жұбайлары;

  • «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табыс ету міндеті жүктелген адамдар декларация тапсыруға міндетті.

Екінші кезең 2023 жылдың 1 қаңтарында басталады. Декларацияны мынандай адамдар тапсыруға міндетті:

  • мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары;

  • квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары.

Тағы бір жылдан кейін, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны мынандай адамдар ұсынуға міндетті:

  • заңды компаниялардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары;

  • жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

Азаматтардың қалған санаттары 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап активтер мен міндеттемелерді декларациялау үдерісіне кіріседі.

Декларацияны тапсыру формаларының бірі 12 сұрақтан тұратын сауалнама болмақ.

«Бұл ретте жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда және ЖТС бойынша декларацияда жылжымайтын мүліктің, бағалы қағаздардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі туралы мәліметтер көзделгенін ескеру қажет. Мұндай мәліметтер болған жағдайда жеке тұлғаға жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы бір декларация ұсыну жеткілікті. Декларацияны электронды үкімет сайтында, салық төлеушінің кабинетінде және олардың мобильді қосымшаларында электронды түрде ұсынуға болады», — деп хабарлады Оксана Ныгметуллина.

Біз әрбір жазылушыны және оқырманды бағалаймыз, сондықтан түсініктеме беру кезінде ұсыныстармен мұқият танысуларыңызды сұраймыз.

Добавить комментарий