«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Ауа райы қазақстандықтарды таңғалдыруын тоқтатар емес.
«Оңтүстік облыстарды қоспағанда, Қазақстанның барлық аумағында ауа-райының тұрақсыз сипаты бұрынғыша сақталатын болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн күркіреп жаңбыр жауады. Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстікте шаңды дауыл байқалады», — делінген сәрсенбіде 15-17 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамында.
Батыста ауа температурасы түнде +15+23℃, күндіз +25+38℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6+20℃, күндіз термометрлер +10+28℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз +15+30℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+23°С, күндіз +27+38°С болады.