Қазақстанда ауа райына байланысты 42 жол жабылды

Ауа райына байланысты «ҚазАвтоЖол» Қазақстанның 9 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 42 учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылғанын жариялады.

Абай облысында Омбыдан Майқапшағайға дейінгі, Өскеменнен Семейге дейінгі, сондай-ақ Алматыдан Өскеменге және Таскескеннен Үржарға дейінгі учаскелер қар жауып, боран мен көктайғаққа байланысты жолдар жабылды.

Сондай-ақ, Ақмола облысында 14 учаске, соның ішінде Астанадан Петропавлға дейінгі, Астанадан Қабанбай батыр — Нұра — Теміртауға дейін қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысы жабылды.

Шығыс Қазақстан облысы, Жетісу облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Ұлытау облысындп қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектелді.

Көлік жүргізушілеріне жаңартуларды қадағалауға және тиісті қызметтер ұсынған ескертулерді елемей, жолға шықпауға кеңес беріледі.

Добавить комментарий