Қазақстанда қатты аяз болады деп күтілуде. Алдағы күндері синоптиктер ауа температурасының минус 20 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр.
Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болады
Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болады. Қазгидромет синоптиктері 16-18 қарашадағы ауа райын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Болжам бойынша, атлантикалық циклонмен және атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік облыстарда қар, тұман, көктайғақ, екпінді жауын-шашын, боранды жел күтіледі.
«17-18 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын күтіледі, 18 қарашада суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен республиканың батысында жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы солтүстік-батыста түнде 12-17 градусқа дейін аяз, күндіз 7-12 градусқа дейін аяз, солтүстікте, орталықта түнде 13-20 градусқа дейін, күндіз 5-15 градусқа дейін аяз, шығыста түнде 6-18 градусқа дейін аяз, күндіз 1-10 градусқа дейін аяз, оңтүстік өңірлерде түнде 5-13 градусқа дейін аяз, күндіз 5 градусқа дейін жылы болады», — делінген хабарламада.