Қазақстандағы АЭС құрылысы елімізді Ресейге тәуелді етеді, деп есептейді Батыс сарапшылары

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанның экономикасы құрдымға кетті: зауыттар мен фабрикалар жабылды, қазынада қаражат болмады, экономика құрдымға кетті. КСРО-дан бөлініп шығып, тәуелсіздік алғалы бері 30 жыл ішінде Қазақстан даму жолында елеулі табыстарға қол жеткізіп, халықтың өмір сүру деңгейін арттырды. Дамуда жолында осындай прогресске қол жеткізу үшін Қазақстанның саяси басшылығы мен халқы көптеген елден үлгі алды: Еуропа елдері, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері. Дәл осы елдерде Қазақстан үкіметі теңескісі келетін әлеуметтік-экономикалық дамудың моделі құрылған.

Қазақстан батыс елдерімен ынтымақтастық орнатуды қалайды, сондай-ақ Түркия және Қытай секілді елдермен елдермен ынтымақтастықты дамытуға ниетті. «РФ ҚР-дағы ықпалын сақтап қалу үшін, Ресей үкіметі Қазақстанға АЭС салуға тырысып жатыр», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Мәскеу көршілес елдің аумағында АЭС салуды қалайтыны белгілі. Атом жобасын жүзеге асыруды ресейлік «Росатом» корпорациясы қолға алуға дайын. Сондай-ақ, Кремль аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін Нұр-Сұлтанға 5 млрд доллар көлемінде несие бермек. Сарапшылар Кремльдің позициясы Ресейдің ықпалын нығайту және Орталық Азия мемлекетінің егемендігіне нұқсан келтіру деп есептейді.

Фото: Батыс саясаттанушылары Қазақстанға атом электр станциясының қажеті емес деп есептейді, себебі оның құрылысы Ресеймен байланысты жақындата түседі

Атом электр станциялары «геосаяси актив» болуы мүмкін, өйткені жеткізуші мен сатып алушы арасындағы қарым-қатынас орта есеппен 30 жылдан 40 жылға дейін созылады және бұл екіжақты қатынасты нығайтуға ықпал етуі мүмкін. Мәскеу АЭС-тің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нысанның айналасында арнайы әскерін орналастырып, сондай-ақ өз ядролық материалдарын жеткізуі мүмкін.

Өзбекстанды мысалға алсақ болады. 2018 жылдың қыркүйек айында Ресей мен Өзбекстан үкіметтерінің басшылары Жизақ облысындағы Тұзқан көлінің жанында АЭС салу туралы келісімге қол қойды. Содан бері қос ел осы ірі ауқымды жобаға қатысты келіссөздерге білек сыбана кірісті. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталады деп күтілуде.

Фото: Батыс саясаттанушылары Қазақстанға атом электр станциясының қажеті емес деп есептейді, себебі оның құрылысы Ресеймен байланысты жақындата түседі

Батыстық саясаттанушылар АЭС құрылысы Қазақстанды Ресейге тәуелді етеді деп ойлайды. «Қазақстанға осындай перспектива керек пе — Ресейге тәуелді болу керек пе? ҚР-да билік басындағылар бірінші кезекте елдің мүддесін ескеретін шешім қабылдауы керек», — деп жазады олар.

Добавить комментарий