Қазақстанда биыл астық түсімі мол болады деп болжанып отыр.
Еліміздің астық өсіретін өңірлерінің басым бөлігінде мамыр және маусым айларында толассыз жаңбыр жауды. Ал шілденің басы нөсер жаңбырмен қуантты, болжам бойынша, ол бір ай бойына жалғасады. Сонымен қатар, ауа температурасы оңтайлы — ауа райы жылы, бірақ аптап ыстық емес.
Әрине, көптеген тәуекелдер бар — зиянкестер, аурулар, астықты жинау кезіндегі ауа райы. Бірақ әзірге күз маусымына оптимистік көзқараспен қарап, былтырғыдан бір жарым есе жоғары астық жиналады деп күтуге барлық негіз бар. Яғни, 20 млн тоннадан астам астық.
«Биыл біз классикалық көктемге тап болдық, — деді Қостанай облысының солтүстігінде жұмыс істейтін Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының басқарма төрағасы Дамир Қалдыбаев. — Яғни, температура орташа, ал ылғалдылық жақсы болды».