Қазақстанда міндетті маска тағу режимі мен Ashyq жүйесін алынып тасталады.
11 наурызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өтті. «Жасыл» және «сары» аймақтарда бірқатар шектеулер алынып тасталады.
Кеңеске мемлекеттік органдардың өкілдері мен өңірлердің басшылары қатысты, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешім қабылдады:
Эпидемиологиялық тәуекелдің «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде: «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану; әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар; міндетті термометрия.
Эпидемиологиялық қауіп-қатердің барлық аймақтарында ашық ауада маскаларды міндетті түрде кию.
COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимдегі жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету саласының объектілері).
Вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу.
Кеңес соңында Тоғжанов әкімдіктерге азаматтарды иммундау мен ревакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды.