Қазақстанда қар жауып, көктайғақ болады деп болжанды

“Қазгидромет” РМК мамандарынан алынған деректерге сәйкес, 19 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Көкшетауда жая бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстік түнде және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 25 м/с жетеді. Қостанайда бұрқасын болады деп күтілуде. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -2 + 3, күндіз 2-7 дейін көтеріледі деп күтілуде. Өскеменде көктайғақ күтіледі, оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Семейде көктайғақ күтіледі, оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Сондай-ақ, 20 ақпанда ШҚО-да қар жауады, кей жерлерде қатты қар жауады деп күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы 2-7 градус жылы, кей жерлерде 2-7 градус аяздан 15-20, 20-25 градус аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.

Добавить комментарий