Қазақстанда аптап ыстық тұр: қанша су ішу керек

Батыстың зерттеушілері аптап ыстықта тәулігіне екі литр су ішу керек деп есептейді.

Суды адамның жасын, жынысын, бойы мен салмағын ескере отырып ішкен дұрыс.

Австриялық Waterdrop компаниясының жаңа зерттеуі халықтың 66 пайызы тәуліктік су нормасын тұтынбайтынын көрсетеді, деп жазады Daily Mail.

Орташа салмақтағы 20-30 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер күніне 2 литрден астам су ішуі тиіс. 50 жаста шамамен 2220 миллилитр су ішу керек.

Жасы бойынша сұйықтықты тұтыну көлемін азайту ұсынылатынын есте ұстау қажет. Бірақ белсенді физикалық жүктемелер кезінде немесе ауа температурасы көтерілген жағдайда көлемді ұлғайтқан жөн.

Осылайша, мамандар басқа сусындар: алкоголь, шай, кофе және газдалған сусындарды қоспағанда, аптап ыстықта шамамен 20% көбірек су ішуге кеңес береді.

Жаңалықтарды дәрігердің тағайындауымен теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.

Добавить комментарий