
Қазақстанда қант бағасы қайта қымбаттады. Дүкен сөрелерінде қант жоқ.
Нұр-Сұлтанда дүкен сөрелерінен және ірі супермаркеттерден құмшекер жоқ. Small және Magnum сауда желілерінің кейбір супермаркеттерінде де жоқ, ал қант бар дүкендерде адам басына 5 келіден сатып жатыр.
Елорда тұрғыны Қошқарбаев көшесі 34 мекенжайы бойынша орналасқан «Әлия» шағын маркетінде 800 теңгеге бір келі қант сатып алғанын айтты.
«Астаналық базар» жабық базарында қант 800 теңгеге сатылады.
Silk Way сауда орталығындағы Galmart ірі супермаркетінде қанты болды, бірақ оның бағасы — келісі үшін 616 теңге.
Galmart-та бір келі рафинад қантының бағасы 2650 теңге.