Қазақстанда қант бағасы 3%-ға төмендеді

Ұлттық статистика бюросы қанттың бағасы бір аптада 2,8%-ға төмендегенін хабарлады.

Өткен аптада еліміз бойынша құмшекердің бөлшек саудадағы бағасы 2,8%-ға төмендеді, сондай-ақ пияз бағасы — 3,1%-ға және картоп бағасы — 1,1%-ға төмендеді, делінген хабарламада.

Күріш бір аптаның ішінде 1,5%-ға қымбаттады. Сондай-ақ, бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы 1,5%-ға, күнбағыс майы 1,4%-ға өсті.

Жылдық көрсеткіште әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 19,6%-ға қымбаттады. Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1%-ға, ай басынан бері — 0,4%-ға, жыл басынан бері- 19,4%-ға көтерілді.

Добавить комментарий