Қазақстанда қандастар қаржы пирамидасын ұйымдастырған

Тәртіп сақшылары Қазақстанға ҚХР-дан келген келген қандастар қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұстады.

Хабарланғандай, олардың екеуінің қандас мәртебесімен азаматтық алған. Тағы екеуінің — Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар.

Күдіктілердің үйлерінен 60-тан астам банк картасы, төрт ұялы телефон, SIM-карталар мен ноутбуктар табылды.

«Басты тұлға – 26 жастағы Д.есімді азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Топтың басқа мүшелерінің қылмысқа қатысы мен рөлі тергеу барысында анықталатын болады. Қаскөйлер келесідей тізбек бойынша әрекет етті: “Лазада групп” компаниясының атынан әрекет ете отырып, олар интернетте капиталды ұлғайту мүмкіндігі туралы хабарландыру жариялады және азаматтарға криптовалютаға салым салуды ұсынды. Аңғал адамдар көп болып шықты: күмәнді жобаға кейбіреулері миллиондаған теңге салған», — деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Шын мәнінде, ұйымдастырушылар дивидендерді төлеуді ойламаған да.

Полицейлер күдіктілерді — үш қыз бен ер адамды Ақкент шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде ұстады. Топтың ең үлкен мүшесі – 26-да, алдын ала мәлімет бойынша, ол жетекші, ең жасы небәрі – 20 жаста.

«Жедел-тергеу тобы күдіктілердің үйлерін тексеру барысында әртүрлі адамның атына ашылған 60-тан астам банк картасын, төрт ұялы телефонды, sim-карта мен ноутбуктарды тәркіледі. Маңызды деталь: жалға алынған пәтерден банктік карта шоттары мен құпия сөздері бар бес дәптер де табылды. Қазіргі уақытта бірқатар қылмыстарға қатысы бар басқа да адамдарды анықтау және ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Дидар Аханов.

Добавить комментарий