Қазақстанда қандай азық-түлік тауарлары және олардың қаншаға қымбаттағаны белгілі болды

2022 жылғы желтоқсанда қандай азық-түлік тауарларының бағасы өскені және олардың дүкенде қаншалықты қымбаттағаны белгілі болды.

Азық-түлік бағасын 2021 жылғы желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, бір жыл ішінде ұн бағасы 35,3%-ға, макарон мен кеспе өнімдері — 26%-ға, сүт — 22,6%-ға өсті. Сонымен қатар, сары май бағасы 20,6%-ға, қант 19,5%, ал құс еті 19,4%-ға қымбаттады.

Нан бағасы 18,6%, ірімшік пен сүзбе — 17,2%, күріш — 16,6%-ға және көк шай — 13,6% өсті.

Бұл ретте ет өнімдері аталған кезеңде шамалы қымбаттады: сиыр еті — 8,3%-ға, жылқы еті — 6,2%-ға, қой еті — 1,4%-ға.

Бұған дейін Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа бағасы 21,1%-ға көтерілгені хабарланған болатын. Ең көп қымбаттау Жезқазғанда байқалады (+ 29,6%). Одан кейін Орал (+23,6%), Ақтөбе (+23,2%), Ақтау және Қарағанды (+23%) тұр. Алматыда азық-түлік тауарлары 21%, Астанада — 21,4%, Шымкентте — 21,6% қымбаттады.

Добавить комментарий