Қазақстандық синоптиктер алдағы демалыс күндері нөсер жаңбыр және бұршақ жауады деп болжап отыр.
«Қазгидрометтің» ақпараты бойынша, температура аясында ерекше өзгерістер күтілмейді.
«Қазгидромет» Қазақстан бойынша 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Елімізде найзағай, бұршақ пен қатты жаңбыр жауады. Солтүстік Атлантикалық циклонның жылы секторымен және онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуімен шартталады
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің шығысында, батысында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді.
«Бірақ, бұған қарамастан, температура аясында ерекше өзгерістер күтілмейді», — деп атап өтті «Қазгидромет».
Еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометр бағандары 17-25 градусқа дейін, ал елдің оңтүстігінде 18-28-ден 23-35 градусқа дейін көтеріледі.