Қазақстанда адам саудасына қатысты қылмыс саны артып келеді. Адам саудасы фактілері бойынша 200 қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.
ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов 78 істің сотқа жіберілгенін, ал қалғаны бойынша тергеу жалғасып жатқанын атап өтті. 26 адам сотталып, оларға қатысты айыптау үкімі шығарылды.
Аталған қылмыстар үшін Қылмыстық кодекстің сегіз бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған, мүлкі тәркілеумен, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру максималды жазасы қарастырылған, — деп нақтылады департамент басшысы ОКҚ-да өткен брифингте.
Оның айтуынша, Қазақстан адам саудасы құрбандарының әкелу, әкету және транзиті болғандықтан, сот шешімі шыққанға дейін шетелдіктердің республикада болу мерзімі заңды түрде ұзартылады.
Сондай-ақ аталған адамдар әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Еңбек немесе жыныстық қанауға ұшыраған мигранттар үшін бұл қолайлы жағдай тудырады, — деді ол.